Ауыл шаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру процесі селекциялық жұмысты сауатты ұйымдастырған жағдайда ғана нәтижелі болады. Бұл ретте шаруашылықта малды қолдан ұрықтандыруға барлық мүмкін болатын жағдайдың оң мен теріс жақтарын сараптап алған дұрыс - қолданылатын аталық малдың асыл тұқымды қасиеттері, өнімділігі, ұрықтандырылатын малдың денсаулығы, ұрықтың сапасы, жасанды ұрықтандыру технологияларын дұрыс пайдалану және қолдан ұрықтандырушы технологтардың білімділігін т.б. жәйттерді ескеру қажет.
«АСЫЛ ТҮЛІК» Республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығының негізгі міндеті – елімізде ауыл шаруашылық малдарының өнімділігін және асыл тұқымдық қасиеттерін арттыру мақсатында мал өсірумен айналысып отырған шаруашылықтарды әлеуеті жоғары сапалы генетикалық материалдармен (асыл тұқымды аталық малдардың ұрығымен) қамтамасыз ету және Қазақстанның және ЕАЭО елдерінің шаруашылықтарына кеңіннен тарату.
Б. Сейсенов
«Республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы «Асыл түлік» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы